Ел жаңалықтарына шолу
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады. Бұл шешімге халық тарапынан сұраныстың артуы себеп
болған. Ал, қазақстандық хоррор-анимация АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды. Осы және өзге де ақпараттар жайлы толығырақ
алдағы топтамада.
1
қазаннан бастап Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады.
Бағытқа сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуі ескеріле отырып, осы
бағытта «Әйелдер вагонын» іске қосу туралы шешім қабылданды. Жалпы елімізде
«Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы
пайдаланды.
Қазақстандық хоррор-анимация АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды
Қазақстандық
хоррор-анимация АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды. «KÖLEÑKE» жобасы
Portland Festival of Cinema, Animation & Technology фестивалінде қазылар
алқасының «Ерекше көзқарас пен шығармашылық шеберлігі үшін» марапатын алды.
Үстел теннисінен халықаралық турнирде Ж.Бекмұхамбетова екінші орынды жеңіп алды
Үстел
теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның
Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль
жеңіп алды. U13 жас санатында Жәния хорватиялық спортшыға есе жіберіп, жарысты
екінші орынмен аяқтады.
Науырзым қорығында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
Науырзым қорығында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды. Бұл аң сақ жүретін жыртқыш
болғандықтан, оны табиғатта көру оңай емес. Көбіне оның жүргенін ізінен ғана
байқауға болады. Бұған дейін Шарын паркінде ерекше түсті қарақұйрық, ал «Көлсай
көлдерінде» таутекелер бейнежазбаға түсіп қалған еді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысының Келес ауданында экоакция өтті
27.08.2026, 17:33
Қарағанды облысында 22 мыңнан аса кенші еңбек етеді
27.08.2026, 17:30
Қостанай өңірінде үш жылда 9 мектеп салынған
27.08.2026, 17:25
Қарағанды облысында тұрмыстық тауар өндірушілер көбейді
27.08.2026, 17:22
ШҚО бюджеттік мекемелері қысқа дайын
27.08.2026, 17:20
Конгода эболамен ауырғандар күрт көбейді
27.08.2026, 17:15
Непалдағы су тасқыны құрбандары 300-ден асты
27.08.2026, 17:13
Шымкент ауруханаларында агрессияны ЖИ анықтайды
27.08.2026, 17:10