Түркістан аймағында 122 инвестжоба іске асырылады
Түркістан облысының өндірістік әлеуетін қайта жаңғырту мен экономиканы әртараптандыру бағытында шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары қарқын алған. Облыс орталығына жақын орналасқан Кентау қаласында «Turan» арнайы экономикалық және «Кентау» индустриалды аймақтарында шетелдік кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Жыл басынан қалаға 15 млрд теңгеге инвестиция тартылып, жаңадан өндіріс орындары ашылды. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.
«Тұран» арнайы экономикалық аймағынан ашылған бұл кәсіпорында тұрмыста
қолданылатын газ қазандықтары
шығарылады. Жобалық құны 2 млрд 400 млн теңгені құрайтын зауытта жылына 30 мың
дана газ пеші құрастырылады. Әзірге дайын өнім еліміздің бірнеше
қаласына сатылымға шығарылуда. Өндіріс орнында 30 адам тұрақты жұмыспен
қамтылған. Олардың басым бөлігі Кентаулық колледждің тұлектері.
Ван Яоциян, кәсіпорын басшысы:
Біздің компания Қытайда тұрмыстық техника шығарады. Ал бұл зауытта 9 түрлі газ қазандықтарын шығарып жатырмыз. Олар 400-500 шаршы метрге дейін ғимараттарды жылыта алады. Алдағы уақытта сұраныс көбейсе, тұрмыстық техникаларды шығарып, Орта Азия нарығына шықсақ деген жоспарымыз бар.
Қытайлық инвесторлар Кентаудан кірпіш зауытын да ашқан.
Бұрынғы экскаватор зауытын қайта жөндеп, жаңа технологияларын орнатты. Қазір
жобалық құны 4,5 млрд теңгені құрайтын
өндіріс орнында күн сайын 150-180 мың дана кірпіш шығады. Бағасы
53 теңгеден. 50 адам жұмыс жұмысқа тартылған. Ал шикізат Қарнақ елдімекенінен
тасымалданады. Дайын өнімді әсіресе тұрғын үй салып жатқан компаниялар алады
дейді зауыт басшылығы.
Әбдірахман Тоқбергенов, зауыт
директорының орынбасары:
Қытай елінің технологиясы, барлығы стандартқа сай. Адамның көбісі күш жұмсамайды, барлығы технологиямен жұмыс істеп жатыр. Жылына қуаттылығы 10 млн данаға дейін шығарады. Қазақстанның барлық еліне біздің кірпіштер барып жатыр.
Кеншілер қаласы болған шағын шаһарда шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа
өндіріс орындары ашылып, халық тұрақты жұмыспен қамтылуда. Жауаптылар болса
қаланың экономикасын әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын
айтады.
Нұрдәулет Медеуов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:
Мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Енді жыл соңына дейін тағы бірқатар инвестициялық жобаларымыз іске асырылады деген жоспарымыз бар. Алдағы 2-3 жылдың көлемінде бізде жалпы 13 пул жобамыз бар, инвестициялық жобаларымыз. Осы 2-3 жылдың көлемінде 228 млрд теңгені құрайтын арнайы ірі жобаларымыз бар.
Айта кетейік, өңірде алдағы үш жылда
жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаны іске асыру
жоспарланған. Оның нәтижесінде 17 820 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Бүгінде облыста жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және
экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар әзірленіп, тиісті
жұмыстар атқарылуда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05