Сотталған азаматтарды ортаға бейімдеу жобасы қолға алынды
Қарағанды облысында сотталғандарды еңбек арқылы
ортаға қайта бейімдеуге бағытталған пилоттық жоба қолға алынды. Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан жобаға
өңірдегі біршама кәсіпорындар қолдау көрсетіп отыр. Қазірдің
өзінде 90-ға жуық адам жұмысқа тартылған.
Жобаға сотталғандардың ішіндегі аса ауыр қылмысқа бармағандар
қатысады. Олар жұмысқа кіріспес бұрын еңбек және өнеркәсіптік
қауіпсіздік бойынша қажетті оқытудан өтеді. Сонымен бірге кәсіпорын аумағында
қосымша білім алып, жаңа мамандықтарды меңгере алады. Алдағы уақытта жобаның
ауқымы үлкейіп, жұмысшылар санын 300-500 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Асылжан
Ерзатов, жазасын өтеуші:
Қолымнан келмеген көп нәрсе болды. Бірақ осы проектің арқасында көп нәрсеге үйрендік. Мысалы оқу орындары да бар, сол жаққа оқуға беріп жатырмын. Өзімді басқа салада да көргім келеді. Мұндай мүмкіндік екінің біріне берілмейді. Сондықтан өзімнің осы проектке қосылып, мүмкіндік туғанына қуаныштымын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өңірге арнайы
келіп, пилоттық жобаның жүзеге асуын тексерді. Кейін Абай ауданындағы түзету
мекемесіне барып, жұмыс барысымен танысты. Онымен қоса «Бақытты балалар мекені»
арнаулы әлеуметтік орталығына да барды. Қазір мұнда 100-ге жуық бала емделіп
жатыр. Орталық
күрделі жөндеуден өтіп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етілген. Жалпы өңірде биылдың өзінде 20 мыңнан астам адам
жұмыспен қамтылды. Ал жұмыспен қамту орталығына 40 мыңнан аса
тұрғын жүгінген, олардың басым бөлігі – жастар.
Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Еңбек министрлігі осы әкімдіктермен бірлесіп цифрлық жұмыспен қамту жүйесін енгізіп жатырмыз. Ол деген біріншіден қазір жастарға арналған жүйе. Олар көбісі мансап орталықтарына келмейді. Енді сол жағдайды шешу үшін біз оларға сондай арнайы мобильдік платформа жасап бердік.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вьетнамда Қазақстанның мәдениет күндері өтті
27.08.2026, 13:15
Непалда жоғалғандар 1500-ге жуықтап қалды
27.08.2026, 13:09
Бюджет экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін жобаларға бағытталады
27.08.2026, 13:03
«Әділет» партиясы депутаттардың тізімін жариялады
27.08.2026, 13:00
«Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш»
27.08.2026, 10:23
Тазалық сақтамағандарға 10 АЕК айыппұл салынады
27.08.2026, 10:14
Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды
27.08.2026, 10:12
Оралда Ұлттық ұлан сарбазы өрттен екі баланы құтқарды
27.08.2026, 10:11