Бюджет экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін жобаларға бағытталады
Энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға алдағы төрт жылда 13 триллион теңге бағытталады. Оның 6,2 триллионы энергетикаға, 6,8 триллионы коммуналдық секторға жұмсалады. Үкіметтің Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері жарияланды. 2025 жылы 6,6 мың шақырым инженерлік желі жаңартылып, сегіз кәсіпорын «қызыл аймақтан» шығарылды. Ал 2026 жылы жаңғыртуға бөлінетін қаржы екі есеге артып, 1,1 триллион теңгеге жетті. Сонымен қатар жаңа Салық, Бюджет және Цифрлық кодекстер қабылданып, салық есептілігін 30 пайызға қысқарту және цифрлық экономиканың бірыңғай ережелерін енгізу көзделді. Үкіметтің басты бағыты – экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңарту және цифрлық трансформация.
Азамат Әмрин, Ұлттық экономика
бірінші вице-министрі:
Макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту үшін фискалдық және ақша-кредит саясатын үйлестірдік. Бұл бағыттағы негізгі өзгерістер жаңа салық және бюджет кодекстері арқылы жүзеге асырылды. Жаңа бюджет кодексінің басты мақсаты мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану. Біз бюджет жоспарлау тәсілін жақсарттық. Енді қаржы нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін жобаларға ғана бағытталады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вьетнамда Қазақстанның мәдениет күндері өтті
27.08.2026, 13:15
Непалда жоғалғандар 1500-ге жуықтап қалды
27.08.2026, 13:09
Сотталған азаматтарды ортаға бейімдеу жобасы қолға алынды
27.08.2026, 13:06
«Әділет» партиясы депутаттардың тізімін жариялады
27.08.2026, 13:00
«Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш»
27.08.2026, 10:23
Тазалық сақтамағандарға 10 АЕК айыппұл салынады
27.08.2026, 10:14
Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды
27.08.2026, 10:12
Оралда Ұлттық ұлан сарбазы өрттен екі баланы құтқарды
27.08.2026, 10:11