Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр
Үкімет Кентау қаласындағы жылуэнергоорталығындағы алты қазандықты ауыстыруға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Қазіргі уақытта шаһарға жылу беретін бесінші энергоорталықтың екі қазандығы мен турбо агрегаты жөндеуден өтіп жатыр. Мұндағы жабдықтардың техникалық жағдайы мен жылу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі басты назарға алынған. Сондай-ақ негізгі қондырғылардың жұмысын ретке келтіру бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелген. Бұдан бөлек, қаланың магистралды жылу құбырларын демонтаждау және қайта монтаждау жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, Кентау-Хантағы тасжолы бойында диаметрі 630 мм болатын магистралды жылу құбырындағы ақаулар қалпына келтірілуде. Жалпы, энергоорталық мамандары Үкіметтің қолдауымен қазандықтардың жаңартылуы және жүйенің толықтай автоматтандырылуы жұмысты жеңілдетіп жатқанын айтады.
Мұхтар Мухиддинов, №5 Жылу энерго орталығы директорының кеңесшісі:
Бүкіл сегіз қазандық мына сегіз мониторда көрінеді. Оған қоса қай жерде қандай температура түрде ұсталуы керек, барлық параметрі көрсетілген. Сондай-ақ мониторлар көрсетпей қалған кезде осы жерден басқаруға болады. Бұрынғыдай емес, жұмыс өте жеңілденді. Жұмыс орны тазаланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы