Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады

Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады

Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оған дәлел – тұрақты саяси диалог, сауда-саттықтың өсімі және сингапурлық капиталдың көптеп тартылуы. Қазақстан мен Сингапур Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде ірі сауда серіктестері болып қала береді. Қазақстанда 500-ге тарта Сингапур капиталы бар компания жұмыс істеп жатыр. Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерді атап өтті. Алғашқы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Меммлекет басшысының жетекшілігімен іске асырылып жатқан ауқымды саяси реформаларды қолдайтынын жеткізді.. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Бөлісу