Қостанайда судомодель спортынан оқушылар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр
Қостанайда оқушылар арасында судомодель спортынан республикалық жарыс өтіп жатыр. Доданың ақтық кезеңіне бес өңірден 80-ге жуық қатысушы жолдама алған.
Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарынан келген жас спортшылар 4 күн бойы әр кезең бойынша өзара бақ сынасады. Олар өздері құрастырған алып кеме немесе желкенді қайық үлгілерін ашық су айдынында сынап, жарыс жолына шығарады. Ең басты талап – қайықтың бағыттан ауытқымай, межеге дейін жылдам әрі ақаусыз жүріп өтуі. Басты мақсат – оқушылардың техникалық шығармашылығын шыңдап, инженерлік ойлау қабілетін дамыту.
Аян Сағидолла, жарысқа қатысушы:
Бұл америкалық су жағаларын күзететін патрульді кеме. Біз бұны 5-6 ай дайындап, қазір суда жүргіземіз. Кедергілердің ортасынан жүруі керек. Барлығы 100 балл жинасаң, бірінші орынға тұрасың. Әдемі жүзеді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21