Басты Жаңалықтар ШҚО-да жаңа оқу жылында 3 мектеп пайдалануға беріледі

ШҚО-да жаңа оқу жылында 3 мектеп пайдалануға беріледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп салу мен ескілерін жөндеу  жаппай қарқын алды. Биыл аймақта 27 мектеп жөнделіп, үшеуі қыркүйектің бірінде пайдалануға берілмек. Себебі білім ордаларының 60 пайыздан астамы ескі. Тіпті кейбіреуінің іргетасы қаланғанына 60 жылдан асқан.   

Бұл Өскемендегі 37 орта мектеп. 1200 оқушы орыс тілінде оқитын оқу орны 1963 салынған. Алты жыл бұрын есік-терезесі жаңаланған. Биыл шатыры жөнделді.Директордың айтуынаш ескі мектеп жыл сайын жамап-жасқағанның арқасында ажарын сақтап тұр.

Инна Грачева, мектеп директоры:

Біз толық жөндеу жұмысын жүргізу туралы тапсырыс бергеміз. Бірақ біздің мектептен де бұрын салынған ескі ғимараттар бар екен. Биыл басымдық соларға берілді.

Шаңырақ. Риддерде мемлекеттік тілдегі жалғыз білім ошағы.1991-жылы жексенбілік мектеп болып ашылды.2001-жылы толық орта мектеп дәрежесін алды.Соданбері оқушылар үш ғимаратқа бөлініп оқыды. 2023-жылы негізгі нысан апатты деп танылып 600 бала қаладағы нөмірі 11-орыс мектебімен  бір ғимаратта көшірілді.

Ата-аналар мен ұстаздардың 30 жылғы өтініші енді орындалды. Екі жыл бұрын «Шаңырақ»  гиманзиясының құрылысы басталды. Соңғы үлгімен бой көтерген мектеп барлық талапқа сай жарқырап тұр.

Мәншүк Қамзаева, мұғалім:

Осы мектепті аңсадық,шіркін бір қазақ жаңа мектеп бізге бұйырса деген, сол арманымызға жетіп қуанып жатырмыз.

Қуанатын жөні бар. Бұған дейін қаладағы аралас мектептерде оқыған оқушылар енді осы «Шаңыраққа» қайта жиналады. Ал алыс шағын аудандарда тұратын балалар арнайы автобуспен келеді. Жалпы шығыстағы 354 мектепте 100 мыңнан аса оқушы оқиды.Биыл бірінші сыныпқа 9 мыңнан астам бала барады.Осы жазда 27 ғимарат жөнделді.Ол үшін облыс бюджетінен 1,5 миллард теңге бөлінді. Жаңа салынған 3 мектеп те қыркүйектің бірінде пайдалануға берілмек.Әзірше тек бір мектепте ғана жөндеу аяқталған жоқ.

Жанғазы Әліпбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде бір-ақ мектеп бар. Риддер қаласында 14-мектеп ол күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол мектептің қаржы тапшылығына байланысты жөндеу аяқталмай тұр. Енді ол мектеп осы жылдың аяғына дейін биыл пайдалануға беріледі деп ойлаймыз.

Өңірдегі мектептерге оқу-құралдары да толық жеткізіліп оқушыларға таратылып жатыр.


Бөлісу