Құрылтай - Парламентаризм тарихының жаңа кезеңі
Қазақстандағы саяси реформалар елдің халықаралық беделін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Халықаралық салық және инвестициялар орталығының жетекші сарапшысы Уэсли Александр Хиллдің пікірі осыған саяды. Ол Қазақстан қазірдің өзінде сенімді дипломатиялық серіктес әрі шетелдік инвестицияға тартымды мемлекет ретінде танылғанын айтады. Сарапшы «Құрылтайдың алғашқы шақырылымында жаңа парламенттің жұмыс тәртібі қалыптасып, бір палаталы жүйенің ұзақ мерзімді нәтижесі азаматтық қоғамның белсенділігіне ұласады» дейді.
Уэсли Хилл, халықаралық салық және инвестициялар орталығының жетекші сарапшысы:
Саяси тұрғыдан алғанда, бір палаталы жүйенің басты ықпалы — азаматтық қоғамдағы пікірталасты нақты идеялар мен мемлекеттік саясатқа бағыттауы. Әлем тәжірибесінде мұндай жүйе сәтті жұмыс істегенде сайлаушылар өзіндік айырмашылықтарға емес, партиялардың салық, бюджет шығыстары мен мемлекеттің рөлі жөніндегі ұстанымдарына мән береді. Бұл демократиялық қоғамға тән қалыпты саяси бәсекені қалыптастырады. Қазіргі үрдістерге қарасақ, Қазақстанда да осындай ашық әрі мазмұнды пікірталас күшейіп, саяси үдерістің өзегіне айналуы мүмкін. Оның артықшылығы да, тәуекелі де бар, бірақ дамудың ең ықтимал бағыты осы деп ойлаймын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04