33 жылдан кейін Арқалық әуежайы іске қосылды
Дәл осы күнді
Торғай халқы 33 жыл күтті. Ұзақ үзілістен кейін Елорда төрінен ұшақ Арқалыққа
қарай бағыт алды.
Астанадан Арқалыққа жолаушылар ұшақпен небәрі 35 минутта жетті. Ал, екі шаһардың ара қашықтығы 550 шақырым. Көлікпен жүрсе, 10 сағатта әрең жететін. Себебі, жол нашар.
Балғанша Бүркітбаева, Арқалық қаласының тұрғыны:
Қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. Халқымыз қуанып жатыр. Торғайдың шаһарына жан бітіп жатыр. Осылай жалғасып аэропортымыз үлкейсін.
Шыңғыс Арғымбаев, ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен прокуратура органдары активті қайтару және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда прокуратура органдарымен 1 трлн-нан аса актив қайтарылды. Бүгінгі аэропортың ашылуы сол жұмыстың нәтижесі. Әуежай 19 млрд теңгеге салынды.
Самал Қабышева, тілші:
Жаңа әуежай. Жаңа мүмкіндіктер. Жаңа жұмыс орындары. Жаңадан ашылған Арқалық әуежайына 100-ден астам адам жұмысқа орналасты. Солардың бірі – Аяулым. Аяулым жаңа қызметіңіз құтты болсын! Енді сіз қандай міндетті атқаратын боласыз?
Аяулым Сейдеғалымова, Арқалық әуежайының қызметкері:
Арқалық әуежайына қош келдіңіздер! Менің жасым 23-те. Мен әуежайда агент, яғни жолаушыларға қызмет көрсету саласында қызмет атқарамын.
Серік Шайман, Қазақстанның құрметті журналисі:
Құрылтай сайлауының алдында үлкен елге көрсетілген құрмет. Ел халқында керемет шаттық көңіл-күй. Аэропорттың ашылуы деген сөз, бұл - Арқалықпен еліміздің түкпір-түкпіріне әуе жолы ашылады деген сөз.
Марат Мустафин, Арқалық қаласының құрметті азаматы:
Активтерді қайтарып, соның арқасында драма театрларды қалпына келтірген. Спорт комплекс салынған. Бірнеше мектеп салынған. Бүкіл қаланың жылу желісі бар. Су мәселесі бар. Соңғы 4-5 жылдың ішінде суды кестемен беретін. Енді қалада 24 сағат графиксіз су беріліп жатыр.
Нұржан Тұрысбеков, Арқалық қаласының прокуроры:
Тағы Арқалық қаласында аурухана, перзентхана салынып жатыр. Универсиет салынып жатыр. Университетке 1,9 млрд теңге бөлінген. Перзентханаға 1,2 млрд теңге, ауруханаға 1,9 млрд теңге бөлінген. Барлық қаражат қайтарлыған актив есебінен бөлініп жатыр.
Самал Қабышева, тілші:
Арқалықтан тікелей Астанаға, Алматыға, Қостанайға ұшып баруға болады. Билет құны арзан. Бұл үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінді. Мәселен, Астана-Арқалық бағыты бойынша билет құны небәрі 10 мың теңге.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұстаз: Ұлт тәрбиесіне мән беріліп, ұлттық құндылықтардың дәріптеліп жатқанына зор қуаныштымын
27.08.2026, 20:23
Ресейде бабалар рухына тағзым етілді
27.08.2026, 20:19
Қарағанды облысында заманауи жедел басқару орталығы ашылды
27.08.2026, 20:17
Педагогтерді аттестаттау тәртібі өзгереді
27.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
27.08.2026, 20:12
Непалдағы су таcқыны кезінде қазақстандық әйел жоғалып кетті
27.08.2026, 20:10
Зағип жанға тұрақты жұмыс беріледі
27.08.2026, 20:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
27.08.2026, 20:09