Қытайда емтихан тапсырмай-ақ көлік жүргізуге болады
Қазақстандықтар Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда жүргізуші куәлігін қайта емтихан тапсырмай-ақ пайдаланып, көлік жүргізе алады. Ішкі істер министрлігі екі ел арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім жобасын әзірледі. Басты жаңашылдық құжаттарды тікелей айырбастау мүмкіндігі. Яғни, екінші елде уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан мен Қытай азаматтарына қайта оқудан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырудың қажеті болмайды. Жаңа тәртіп келісімге ресми түрде қол қойылып, заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады
15.10.2026, 17:27
Қызылорда өңірінде тоғанда балық өсіру кәсібі өркендеп келеді
15.10.2026, 17:22
Оқушылар банан қабығымен қан тоқтата алатындарын дәлелдеді
15.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында дәрігер тапшы
15.10.2026, 17:17
Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті
15.10.2026, 17:15
Су арналары есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған
15.10.2026, 17:14
Ыстанбұлдағы нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты
15.10.2026, 17:12
Ресейде бензин тапшылығы күшейді
15.10.2026, 17:10