Инженерлік инфрақұрылымның жаңа технологиялары таныстырылды
Астанада газбен жабдықтау, жылумен және сумен қамту салаларына арналған халықаралық көрме басталды. Оған 5 елден 50-ге жуық компания қатысып, инженерлік желілерді жаңғыртуға арналған заманауи шешімдерін ұсынып отыр. Мұнда газдың таралуын нақты уақыт режимінде анықтайтын жүйелерден бастап, смарт-есептегіштер мен автоматтандырылған қазандықтарға дейінгі технологиялар таныстырылды. Мәселен, жаңа цифрлық жүйелер көгілдір отынның жағдайын қашықтан бақылауға және ақауды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Ал смарт-есептегіштер тұтыну көрсеткіштерін автоматты түрде цифрлық жүйеге жіберіп, деректерді қолмен жинау қажеттілігін азайтады.
Гүлмира Сембиева, Gastherm EXPO 2026 көрмесін ұйымдастырушы:
Көрмедегі компаниялардың басым көпшілігі отандық өндіріс өкілдері.Қазір қазандық жабдықтарын өндірушілер газды барынша үнемдеудің, оның тұтынылуын азайтудың және сонымен қатар пайдалы әсер коэффициентін арттырудың энергия тиімді жолдарын іздеп жатыр. Әзірге бұл іс-шараны алғаш рет өткізіп отырмыз. Дегенмен, мұнда тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасында келісімшарттар жасалады деп үміттенеміз.
Инженерлік инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысын бақылау үшін технология күннен-күнге маңызды рөл атқарып келеді. Мәселен мұндағы көлік арнайы лазермен жабдықталған мобильді зертхана. Қала көшелерімен жүре отырып, ауадағы газдың таралуын тексереді. Осылайша, құбырдағы ақауды дер кезінде анықтай алады. Ал ойлы-қырлы, таулы-тасты аумақтарға арнайы дрон көтеріледі.
Нұрсұлтан Нұрболат, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының бас маманы:
Джей-Джай Матрис 350 аппараты газ құбырларындағы метанның таралуын анықтайтын детектормен жабдықталған. 7000 метр биіктікке дейінкөтеріле алады. Ал метан детекторы газдың ағуын 100 метр қашықтықтан анықтайды. Бұл дрон бізге жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі. Егер газдың таралуын дер кезінде анықтасақ, апатты жағдайды уақытылы жоюға мүмкіндік бар. Әзірге бұл Қазақстандағы алғашы осындай техника.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09
2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді
26.08.2026, 20:08