Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Сербия президенттері сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және Сербия Президенттері Құрылтай сайлауын сәтті өткізуімен құттықтады.
Садыр Жапаров, Қырғызстан Республикасының президенті:
Азаматтардың еркін таңдауына негізделген Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар елдің ұзақмерзімді мүддесіне сай келіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің одан әрі өркендеуіне бағытталғанын атап өткім келеді. Қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы екі ел халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуға үлес қоса отырып, одан әрі нығая беретініне сенемін.
Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының президенті:
Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін бұл маңызды оқиға еліңіздің жан-жақты дамуына, Сіз жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалардың жалғасуына және алдағы міндеттердің орындалуына қызмет ететініне сенімдімін. Құрылтай жұмысына табыс тілеймін.
Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, халықаралық стандарттар мен демократиялық қағидаттарға сай елдің жаңарған Парламенті – Құрылтайға байланысты өткен сайлаудың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Ал Ресей Президенті Владимир Путин сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен дауыс беру нәтижелері Сіздің елдегі саяси тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге және халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған саясатыңызға кең қолдау бар екенін айқын көрсетті деді. Мемлекет басшысы жылы лебіздерін жолдаған Президенттерге ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы