Басты Жаңалықтар Дауыс беру ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті

Дауыс беру ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті

Дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтті. Мұндай қорытындыны қоғамдық байқау жүргізген «Ел дауысы» қоры жариялады. Сайлау күні қор атынан еліміздің 20 өңірінде 580-нен аса байқаушы жұмыс істеп, 457 сайлау учаскесін тұрақты бақылаумен қамтыған. Қалған өкілдер мобильді үйлестіруші ретінде жұмыс істеп, учаскелердегі жағдай туралы ақпаратты республикалық штабқа жедел жеткізіпті. Қор өкілдері дауыс беру барысында сайлау нәтижесіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін заң бұзушылықтар тіркелмеді деп отыр. Байқаушылар дауыс беру рәсімдерінің сақталуын, сайлау учаскелеріндегі жағдайды және қоғамдық бақылау жүргізуге жасалған мүмкіндіктерді қадағалапты. Учаскелер жабылғаннан кейін дауыстарды санау мен қорытынды хаттамалардың рәсімделуіне де бақылау жасалған.

Камал Дүзелбаев, «Ел дауысы» қоғамдық қоры орталық штабының үйлестірушісі:

Әр өңірмен біз үнемі байланыста болдық. Біздің байқау бүкіл өңірлерді қамтыды. Біз  өзіміздің жұмысымызды орындаймыз. Халықаралық байқаушылардың өздерінің методологиясы бар.


Бөлісу