Таразда 62 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр
Тараз қаласында 62 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Ал пәтер кезегінде тұрғандар саны соңғы 4 жылда 10 мың адамға артқан. Қазірдің өзінде үй алуға үміттілер саны 33 мыңға жуықтайды. Қала құрамына көрші аудандардан 14 ауылдың қосылуы кезектің көбеюіне әкелген. Ал мәселені қала әкімдігі қалай шешпек, Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Биыл Таразда пәтерлі болуға пейілді 1500 тұрғынның ойы орындалғалы тұр. Бұл
қатарда алғашқылардың бірі болып күні кеше баспаналы болған 6 баланың анасы
Айнұр Сәрсембиева бар. 5 жыл бұрын кезекке тұрған. Оған жаңа тұрпатты 16-шағын ауданнан баспана бұйырды.
Айнұр Сәрсембиева, Тараз тұрғыны:
4 бөлмелі үйге қол жеткізіп жатырмыз. Концепция бағдарламасымен 2 пайызбен алып жатырмыз. Тұрғын үй сертификатына өтінім бердім көпбалалы ана ретінде, соған қол жеткізіп жатырмыз. Мемлекетімізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Биыл облыс орталығында 48 млрд теңгеге 62 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы
қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті билік желтоқсан айына дейін 29 үйді
пайдалануға бермек. Бұдан бөлек әкімдік жеке мердігерлерден де үй сатып алмақ.
Мәселен, биыл 180 пәтерді сатып алу арқылы әлеуметтік осал топтағы отбасыларды
тұрғын үймен қамтуды көздейді. Бұған ел қазынасынан 2,5 млрд теңге бөлінген.
Дамир Жаманбаев, Тараз қаласы
әкімінің орынбасары:
2024 жылы біз 670 пәтер дайын күйінде сатып алынған болатын. Қазіргі таңда барлығы таратылып берілді. 2025 жылы бізде 260 пәтер дайын күйінде сатып алып берілді. Бұл қазір құрылысы жүріп жатқан нысандардан бөлек. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тапты. Биыл 180 көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Биыл үй кезегіндегі тараздықтарға жаңа тұрпатты 14 және 16-шағын аудандардан
баспана беріледі. Ал келер жылы тағы 2
500 отбасы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен баспаналы болмақ.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАқтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22
Иранның ұлттық валютасы құнсызданып барады
24.08.2026, 17:20