Басты Жаңалықтар «Халық үні» қозғалысы 11 қалада сайлауды бақылаған

«Халық үні» қозғалысы 11 қалада сайлауды бақылаған

«Халық үні» қоғамдық қозғалысының мыңнан аса байқаушысы 11 қаладағы сайлау учаскелерінде бақылау жүргізді. Алдын ала арнайы дайындықтан өткен азаматтарға учаскелердегі сайлау процесін бақылауға мүмкіндік беретін ресми жолдамалар берілген. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, бақылау барысында дауыс беру рәсіміне қатысты өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Дегенмен жекелеген учаскелерде бір кабинаға екі адамның кіруге талпынуы, кезек сақтау тәртібінің бұзылуы сияқты ұсақ келеңсіздіктер болған. Жалпы алғанда, сайлау заңнама талаптарына сай өтті деп бағалайды. 

Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы:

Біздің бақылауымыздың нәтижесінде дауыс беруді негізгі рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сай өтіп, заңнама талаптарына негізделді деп толық сеніммен айта аламын. Біздің бақылаушыларымыздың мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Сайлау процесінің шынайы, әділ өткенін мойындаймыз.


Бөлісу