Халықаралық байқаушылар сайлау барысын жоғары бағалады
Халықаралық байқаушылар елімізде өткен құрылтай сайлауының ұйымдастырылу деңгейі мен халықтың белсенділігін жоғары бағалаДЫ. Олар бұл науқанның жаңа Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтуіне, бір палаталы Парламент пен пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуіне назар аударды.
Баир Жамсуев, Халықаралық байқаушы:
Қазақстандағы бұл сайлаудың маңызы зор. Өйткені ол жаңа Конституциядағы ең ірі өзгерістерді жүзеге асыруға жол ашады. Парламенттің бір палаталы болуы және сайлаудың пропорционалды жүйеге көшуі де — елдің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістер. Біз сайлау барысын бақылап, оның ұлттық заңнама мен халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалап жатырмыз.
Пике Винсент, Халықаралық байқаушы:
Біздің миссиямызға екі жүз сарапшы-бақылаушы қатысып отыр. Сонымен бірге жүзге жуық парламент мүшесі бар. Жалпы, үш жүзден астам маман елдің барлық өңірінде жұмыс істеуде. Біз сайлауды басынан аяғына дейін бағалаймыз: заңнаманы, сайлау институттарын, партиялардың тіркелуін, сайлаушылар тізімін және үгіт-насихат пен қаржыландыру талаптарының сақталуын қарап жатырмыз. Әзірге бәріне оң баға беремін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04