Алматыда зиялылар дауыс берді
Құрылтай сайлауында елге белгілі ғалымдар және зиялы қауым өкілдері де өз таңдауын жасады. Академик, математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев та Алматыдағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Математика ғылымдарының докторы Құрылтай депутаттарынан елдің дамуына үлес қоса алатын, білімі мен біліктілігі жоғары азаматтардан үміт күтетінін айтты. Ғалымның пікірінше, сайлау алдындағы пікірталастарда депутаттыққа үміткерлер ғылым мен білімнің өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салған. Академик, заң мен экономиканы жетік білетін кәсіби мамандардың депутаттыққа үміткер болғаны көңіл көншітеді, - дейді.
Асқар
Жұмаділдаев, Академик, математика ғылымдарының докторы:
Қазіргі жаңа Парламент жаман болмауы тиіс. Соның ішінде беделді, мықты, заңды білетін, экономиканы білетін, білімді-ғылымды білетін азаматтардың аз емес екенін мен байқадым. Мен барлықтарына сәттілік тілеймін. Қазақтың ынтымағы, бірлігі нығая берсін. Қазақтың көк туы көкте желбірей берсін.
Бибігүл Төлегенова үйінен дауыс берді
Ұлт тағдырына әсер ететін тарихи науқаннан
қазақтың бұлбұлы, Халық әрітісі, Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова да қалыс қалмады.
Жезтаңдай әншінің үйіне №559 сайлау учаскесінің өкілдері дауыс беру жәшігін
арнайы алып барды. Өнер майталманы ақ батасын берді. Сонымен қатар ол Құрылтай
сайлауы жаңа конститутциялық реформаның маңызды кезеңі екенін де атап өтті.
Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері:
Әр мемлекеттің өзінің құрылтайы болуы керек. Біз - көпұлттық республика болғанымен біз Қазақстан Республикасымыз сондықтан біздің өзіміздің мемлекеттік құрылтайымыз болуы керек. Бүгінгі бастау дұрыс деп ойлаймын. Бүгінгі біздің президенттің барлық бастауларын қолдаймын. Ол кісі дұрыс жолда келе жатыр. Бүгінгі құрылтаймыз құтты болсын,ұзағынан болсын. Мемлекетімізде тыныштық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Әрдайым бақытта, өзіміздің мәңгілік елімізде өмір сүрейік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы