Алматыдағы SKY студияда сан түрлі тақырып талқыланып жатыр
Онлайн марафон аясында Алматыдағы Медиа орталықтың SKY студиясы да тікелей жұмысын жалғастыруда. Мұнда түрлі сала мамандары бас қосып, елдегі маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, сараптамалық пікірлерін ортаға салып жатыр. Алматылық әріптесім Айдана Қуантхан қазір тікелей қосылмақ? Айдана, SKY студиясында қазір қандай тақырыптар талқыланып жатыр?
Айдана Қуантхан, тілші:
Алматының көркін айшықтап тұрған Медиа орталықтың SKY студиясы бүгінде қызу пікірталас алаңына айналды. Таңғы сағат 9:50-ден бері студияға түрлі сала мамандары келіп, қоғамдағы маңызды мәселелер мен тың бастамалар жайында ой бөлісіп жатыр.Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар мен сарапшылар бар. Әңгіме арқауы да сан алуан. Жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктері, заманауи технологиялар, отандық стартаптар, инновациялық жобалар және олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқылануда. Әр спикер өз саласының қыр-сырын ашып, көрерменге пайдалы әрі мазмұнды ақпарат ұсынды. Ал SKY студиясындағы тікелей қосылым кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16