Тіркеуде жоқ азаматтар 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады
Елімізде ешбір жерде тіркеуде жоқ азаматтарға да Құрылтай сайлауында дауыс беру мүмкіндігі қаралған. Қызылорда қаласында сайлаушыларды уақытша тіркеу қызметін көрсететін 5 сайлау учаскесі бар. Яғни, шаһардың әр аумағына бір учаскеден белгіленген. Онда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеп, дауыс беруге келген тіркеуде жоқ азаматтарды базаға уақытша тіркеп отырады. Сондай-ақ, 193 сайлау учаскесінде электоратқа онлайн сервистік қызмет көрсету жүйесі енгізілген.
Бақытжан Әбенов, №264 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:
Мүлдем тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар бізге келіп уақытша тіркеуге тұра алады. Азаннан бері 12 өтініш түсті. 12 сайлаушы осы уақытқа дейін дауыс берді. Жалпы сайлау учаскемізде 2156 дауыс беруші бар. Оның 50 пайызға жуығы дауыс берді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15