Басты Жаңалықтар Алматы облысында 14 мыңнан аса азамат алғаш рет дауыс береді

Алматы облысында 14 мыңнан аса азамат алғаш рет дауыс береді

Алматы облысында бүгін 14 мыңнан аса азамат алғаш рет дауыс беріп жатыр. Жалпы өңірде миллионнан астам тұрғынның сайлауға қатысуға құқығы бар. Таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы 683 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады. Қазір Қонаев қаласынан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр.

Қуан Нұрақын, тілші:

Қайырлы күн! Біз қазір Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіндеміз. Мұнда таңертеңнен бері дауыс беруге ағылған тұрғындар көп. Сайлаушыларды мұнда роботтар қарсы алып, облыстың өнерпаздары әннен шашу шашты. «Құрылтай» деген жазуы бар әуе шары көкке көтеріліп, мотоцикл мінген байкерлер қала көшелерін аралады. Жалпы, облыстағы барлық сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған. Айта кетейік, бүгін Алматы облысында қоғамдық көліктер тұрғындар үшін тегін қатынайды. Өңір тұрғындарының дауыс беріп, өз таңдауын жасауына кешке дейін мүмкіндік бар.
Бөлісу