Басты Жаңалықтар Ертіс өзенінің үстінен 691 метрлік көпір салынып жатыр

Ертіс өзенінің үстінен 691 метрлік көпір салынып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Павлодарда алып көпір құрылысы жүріп жатыр. Ертіс өзенінің оң жағалауымен сол жағалауын жалғайды. Ұзындығы 691 метр. Бұл еліміздегі 1-ші санатты алғашқы көпірілердің бірі болмақ. Қазір құрылыс алаңынан біздің меншікті тілшіміз байланысқа шықты. Болат, көпір салу жұмыстары қашан аяқталады деп жоспарланып отыр?

Болат Аманбаев, тілші:

Көпірдің қазір 80 пайызға жуығы дайын. Бұл еліміздегі аванттық жүйені қолдану арқылы салынып жатқан алғашқы  экстрадозды өткел. Күрделілігі сол, 30 метрлік мынандай 120 дана тіреу 8 метр тереңдіктен тартылды. Ал, осыны салып жатқан өз мамандарымыз. Амандасып, Жұмыс барысы қалай? Кідіріс жоқ па?

Ділбек Сәмиханов, учаске шебері:

Мен осы құрылыс басталғалы осындамын. Жаңа ғана Құрылтай сайлауына дауыс беріп келіп, жұмысқөа кірісіп жатырмыз. Түнгі сменада болған жігіттер бізді біраз күтіп қалды.Олар енді барады.Бұл болашақтың көпірі. Мен осы жұмыстарға қатысқаныма қуанамын.

Болат Аманбаев, тілші:

Бұл жерде 300 адам екі ауысымен жұмыс істейді.. Бұл ғана емес, Павлодар өңірі қазір  индустриялық даму бойынша бірнеше серпінді жобаларды іске асырып жатыр. Мәселен, Екібастұздағы Дата орталық пен 3-ші МАЭС және ферроқорыту зауытының құрылысы. Осыдан-ақ еліміздің дамуында ерекше екпін барын байқауға болады.


Бөлісу