Мәдени мұраны қорғау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі
Ел руханияты үшін тарихи мұраның орыны қашан да айрықша. Тарихи жады мен Ұлттың рухани дүниесіне қолданысқа енген Конституцияда ерекше мән берілген. Ата заңның 40-бабында азаматтардың тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті екені нақтыланған. Демек мәдени мұраны қорғау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Түркістан облысында қазір кесенелер мен көне тарихымыздан сыр шертетін қасиетті орындар, мәдени ескерткіштер мемлекеттің қамқорлығына алынған. Әсіресе Қожа Ахмет Ясауи мұрасы терең зерттеліп, өскелең ұрпаққа насихатталуда. Оның «Диуани хикмет» еңбегі жаңа ғылыми бағытта, тюркология және философия аясында жан-жақты зерделеніп келеді. Бүгінде арнайы ғылыми-зерттеу орталықтары ашылып, мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр.
Бауыржан Ботақараев, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері:
Ясауи мұрасының тәрбиелік мәні өте зор. Ясауи мұрасының қай еңбегін ашып қарасаңыз да бұл жерде адамгершілікті бірінші сатыға қояды. Адамдармен дұрыс мәміледе болу, адамның ақысын жемеу, ала жібін аттамау деген сияқты мәселелердің барлығы осы Ясауидің ілімінде көрсетілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы