Жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді
Ертең Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді. 16 сағатқа созылатын ауқымды медиажоба таңғы 9-дан түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. Марафон барысында еліміздегі және шетелдегі сайлау барысы, қоғамдағы өзекті мәселелер мен маңызды реформалар талқыланады.
Жалпыұлттық онлайн-марафонды «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы ұйымдастырады. Тікелей эфир Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жүргізіледі. Марафон аясында қоғамдағы өзекті мәселелер де талқыланады. Сондай-ақ экспресс-камерада қонақтардың жедел пікірі беріледі. Әр саланың көшін бастап жүрген азаматтар мотивациялық дәріс өткізеді. Сондай-ақ, викториналар мен интерактивті форматтар ұйымдастырылады. Ал «Қарқынды құрылыс» жобасы арқылы өңірлердегі ірі құрылыс нысандарынан арнайы репортаждар көрсетіледі. Онлайн - марафонды 38 YouTube-арнадан көруге болады. Ал жедел жаңалықтар мен маңызды ақпараттар «Онлайн марафон - 2026» Telegram арнасында жарияланып отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы