БҚО-да санитариялық талапты орындамаған мектептерге шара қолданылды
Батыс Қазақстан облысында мектептер мен асханаларда санитариялық жағдайды түзету туралы 300-ден астам ұйғарым берілген.
Соған сәйкес облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары алдын ала
хабарламасыз, кенеттен білім
ордаларына мониторинг жүргізген. Олар бір ай бойына білім беру
ұйымдарындағы санитариялық жағдайды, қауіпсіздікті, тамақтану сапасын,
сондай-ақ сауықтыруды ұйымдастыру мәселесін тексеріпті. Барлығы 555 мекемеге бақылау
жасалған. Оның 357-сі мектеп, қалғандары жалға берілген ас блоктары мен
мектеп-интернаттар. Заңбұзушылықтарды жою үшін 277 мектеп пен 81 асханаға және
5 мектеп-интернатына ұйғарым шығарылған.
Гүлдана Кереева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Білім беру ұйымдарының басшыларына жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, материалдық-техникалық базаны нығайту, қолайлы оқу-тәрбие ортасын қалыптастыру және мектеп оқушыларының сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17