Жастардың сайлаудағы белсенділігі артып келеді
Семейде сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жастардың белсенділігі жоғары. Саяси науқан кезінде сайлау комиссияларының мүшелері ретінде жұмыс істейтіндердің 60 процентке жуығы – 18 бен 35 жас аралығындағы жастар. Ал тәуелсіз бақылаушы ретінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтындардың да басым бөлігі кейінгі буын өкілдері. Сайлау үдерісіне жастардың қатысуы тек дауыс берумен шектелмейді. Олар сайлау мәдениетін қалыптастыруға да үлес қосып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, саяси сауаттылықты арттыра түсу үшін Семейде келелі кеңес өтті. «Жас сайлаушылар клубы: Сайлау мәдениеті» атты іс-шараға Абай облысының жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және сарапшылар қатысты. Жиында елдегі саяси бәсекенің жаңа форматы, жастардың электоралдық белсенділігі және сайлауалды теледебаттардың маңызы сөз болды.
Гүлжан Қуанышева, Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
Абай облысы бойынша барлық учаскелік сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары және аумақтық сайлау комиссияларын қарап отырсақ, 58 пайызын комиссия мүшелерінің 35 жасқа дейінгі жастар құрайды екен. Яғни жастар тек сайлау кезіндегі байқаушы емес, жастар – сайлауды ұйымдастыру, өткізу, сондай-ақ оның таза, әділ өтуін қадағалап, осының барлығын жастар арасында насихатталады.
Ерсінбек Өрлеубек, «Жас сайлаушылар клубының» төрағасы:
Осы уақытқа дейін сайлауда 4 жыл уақыт бақылаушы болып қызмет атқардым, оның алдында жастар саясатында істеген 5 жылдық қызметім бар. Соның барлығын тоғыстырып, жастардың сайлауға деген белсенділігін, олардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта жұмыс істейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы