Деректердің таралуына байланысты жауапкершілікті қатаңдату қарастырылуда
Қазақстанда жаппай деректердің таралуына байланысты жауапкершілікті одан әрі қатаңдату
қарастырылып жатыр. Бұл мәселе Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев төрағалық еткен ведомствоаралық жиында
талқыланды. Ресми мәліметке сәйкес, Цифрлық кодекс пен «Киберқауіпсіздік туралы»
заң күшіне енген. ведомство жеке деректерді қорғау азамат алдындағы тікелей
жауапкершілік ретінде қаралуы тиіс екенін атап өтті. Тексерулер барысында артық
дерек жинау сияқты жүйелі бұзушылықтар
анықталды. Көптеген жағдай адам факторы мен қолжетімділікті дұрыс білмеумен
байланысты екені айтылды. Қазірдің өзінде айыппұл күшейтіліп, 8,5 млн теңге,
яғни 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін жететін санкциялар енгізілген. Үкімет
алдағы уақытта жаппай дерек таратуға қарсы одан да қатаң шаралар мен тұрақты
мониторингті қарастыруда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы