Семейде инклюзивті мектептер ашылады
Жаңа оқу жылында Семейдегі бес мектепте инклюзивті кабинеттер ашылады. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асырып отыр. Инклюзияны қолдау кабинеттерінде дефектолог, логопед және психолог мамандарға арналған жұмыс аймақтары, шығармашылық шеберханалар мен емдік дене шынықтыруға арналған кеңістіктер қарастырылған. Әр кабинет кемінде 60 шаршы метр.
Жоба қаладағы ерекше қажеттіліктері бар 300-ге жуық балаға лайықты білім беруге
жағдай жасайды. Мұндай кабинеттер Семеймен қатар Ақтөбеде де іске қосылады.
Жөндеу, жабдықтау және мамандарды оқытуға 524 миллион теңге бөлінген. Қаржының
тең жартысы қайырымдылық марафонынан жиналған.
Альфия Адиева, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік
қорының бас директоры:
Қазақстан бойынша Ақмола облысы және Астана қаласы, Атырау облысы Жылой ауданында 31 білім беру инклюзивті кабинеттерін аштық. Әр мектепте 30-дан астам, 100-ге дейінгі бала ем алады. Жыл сайын 2 мыңнан астам балалар бұл сыныптарда білім алып келген болатын.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17