Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстанда 400 мыңнан астам бала материалдық және әлеуметтік көмекпен қамтылады
Қазақстанда мұқтаж отбасылардан шыққан 400 мыңнан астам балаға материалдық және
әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Ол үшін жергілікті бюджеттерден қаражат
қарастырылған. Бүгін бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас
Бектенов мәлімдеді. Үкімет басшысы өңір
әкімдеріне әрбір нақты жағдай бойынша уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды. Еске
салайық, бұған дейін Оқу-ағарту бірінші
вице-министрі Шынар Ақпарова әлеуметтік осал топтардың
балаларына мектеп формасы, аяқ киім,
құрал жабдығын алып беру үшін шамамен 23
млрд теңге қарастырылғанын мәлім еткен болатын.
4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты
Биыл Қарағанды облысында 4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты.
1 700-ден астам
волонтерлік іс-шара ұйымдастырылған. Бүгінде өңірде 75 волонтерлік ұйым
жұмыс істейді. Президенттің бастамасымен БҰҰ-ы 2026 жылды «Халықаралық волонтерлер жылы» деп жариялады.Бастама Экологиялық волонтерлікті дамытуға
да ерекше ықпал етті. «Таза
Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңірде
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және
Үндістаннан келген 200 волонтердің басын қосқан халықаралық форум өтті.
Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, Балқаш жағалауын тазарту
акциясына және білім беру бағытындағы іс-шараларына қатысты.
АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты
АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты. АҚШ-ң
Мемлекеттік департаментінің интерактивті картасында еліміз ең төменгі қауіп
деңгейі белгіленген көк аймаққа енген. Бұл америкалық азаматтарға арналған
саяхат жөніндегі ресми ұсыным. Бағалау кезінде қылмыс, терроризм, қоғамдық
тәртіпсіздік және басқа да қауіптер ескеріледі. Қазақстанға қатысты қосымша
ескерту жоқ. Ал Франция, Ұлыбритания мен Италия жоғарырақ қауіп деңгейінде
көрсетілген. Айта кетейік, бұл әлемдік
қауіпсіздік рейтингі емес. Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағасы
Қазақстанның шетелдік туристер үшін қауіпсіз бағыт ретіндегі беделін тағы бір
мәрте көрсетеді.
Сирек кездесетін жануарлардың саны артып келеді
Қазақстанда жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктердің саны
артып келеді. Мәселен, 2025 жылғы жағдай
бойынша тоғай бұғысының саны 1 240, қарақұйрық 16 122, құлан 4 702, арқар 17
604 болды. Елде жабайы жануарларды реинтродукциялау бойынша жүйелі жұмыс
істеліп жатыр. Реинтродукция дегеніміз, бұрын жойылып кеткен немесе мекендемей
қалған жануарлар мен өсімдік түрлерін өздерінің бұрынғы тарихи мекендеу
орындарына қайта әкеліп, табиғатқа жіберу арқылы популяциясын қалпына келтіру
процесі.
Еске салайық, 70 жылдан кейін алғаш рет Үміт атты жолбарыс Іле – Балқашқа
жіберілді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
18.08.2026, 17:13