Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
Қарағандылық студенттер фермерлерге арналған цифрлық жүйе әзірледі. Дрон мен арнайы бағдарлама егістіктің жағдайын талдап, құнарсыз аумақтарды анықтайды. Мультиспектрлі камера арқылы түсірілген суреттер бағдарламада өңделіп, алқаптың толық картасы жасалады. Осылайша фермер қай учаскеге қосымша күтім немесе тыңайтқыш қажет екенін көре алады. Жүйе өңірдегі бірнеше шаруашылықтың егістігінде сынақтан өтті. Зертханалық талдау нәтижелері бағдарлама көрсеткіштерімен 99 пайызға сәйкес келген. Қазір студенттер жүйеге арамшөптерді автоматты түрде анықтау мүмкіндігін енгізіп жатыр, оның дәлдігі 90 пайызға жеткен. Стартап халықаралық инновациялық бағдарламалардың іріктеуінен өтіп, Қазақстандағы үздік 50 жобаның қатарына енді.
Михаил Мухаметов, жобаны әзірлеуші:
Мысалы, кей жерде егістік дұрыс өспей, тіпті жақын арада қурап кетуі мүмкін. Оны осы бағдарлама көмегімен алдын ала болжап, анықтауға болады. Астықтығ мол шығуы ең алдымен, жердің құнарына, тазалығына байланысты. Яғни тыңайтқышты нақты қажетті учаскеге сеуіп, егіннің бітік шығуына жағдай жасаймыз. Қазір технология жерді өңдеуге кететін шығынды 30-40 пайызға дейін азайта алады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06