Басты Жаңалықтар Түркістанда 27 инвестордың құқығы қорғалды

Түркістанда 27 инвестордың құқығы қорғалды

Түркістан облысында жыл басынан бері жалпы сомасы 920 млрд теңге болатын 27 инвестордың құқығы қорғалды. 23 инвесторға қатысты негізсіз тексеру тоқтатылды. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев инвесторлармен кездесу барысында атап өтті. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында ұйымдастырылған басқосуда прокурорлар жалпы құны 3,2 трлн теңге болатын 219 инвестициялық жобаны сүйемелдейтіні айтылды. Сондай-ақ қадағалау органы өкілдерінің араласуымен 30 инвестициялық кейс шешімін тапқан. Ал осы жылы құны шамамен 370 млрд теңге болатын 67 жоба инвестициялық пулға енгізілген. Бұл ретте Жандос Өмірәлиев Мемлекет басшысының тарихи шешімі еліміздің инвестициялық ахуалын жақсартқанын жеткізді. Алдағы уақытта да инвесторлардың мәселесі басты назарда болатынын қадап айтты.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жер учаскелерінің бағасын есептеу тәртібі өзгертілді. Заңдарға, заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп, еліміз бойынша қазір 462 инвестордың құқығы қорғалды. Ең басты мақсатымыз осы прокуратура саласының инвестиция саласына араласуын түсіндіргім келді. Және нақты құралдарымыз бар екенін айтқым келіп отыр.


Бөлісу