Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Жаңа өкілді органның құрылуы мемлекеттік институттарды жетілдіріп, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыруға бағытталған. Бұл өзгерістерге шетелдік сарапшылар да оң бағасын беріп отыр.
Халид Ораби,«Al-shabiba» ұлттық арабтілді газетінің халықаралық тақырыптарға жауапты бас редакторы:
Жаңа заң шығарушы органды қалыптастыруға саяси партиялардың белсенді қатысуы ерекше маңызға ие. Бұл қоғамдық диалогтың дамуына, саяси бәсекелестіктің нығаюына және демократиялық процестердің одан әрі жетілуіне ықпал етеді. Бүгінде Қазақстан саяси жаңғыруға, ашықтық қағидаттарын нығайтуға және тиімді мемлекеттік институттарды дамытуға бағытталған дәйекті саясат жүргізіп келеді. Бұл процестер халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Таяу Шығыс елдерінің де қызығушылығын арттырып отыр.
Ким Тхэ Шик, Оңтүстік Корея республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі:
Астанадағы дипломатиялық қызметімді аяқтағаннан кейін де Қазақстанның тұрақты дамуын және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың біртіндеп кеңейіп келе жатқанын бақылап жүрмін. Әрбір мемлекет өзінің бірегей жағдайлары мен алдында тұрған сын-қатерлеріне барынша сәйкес келетін даму жолын таңдайды. Қазақстандағы Парламент реформасын екі палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге, пропорционалды өкілдік қағидатына көшу ретінде сипаттауға болады. Бұл реформаны ұлттық өкілді органның жұмыс тетіктерін оңтайландыруға және оның кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған қадам ретінде бағалаймын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03
Қостанайлық жастар ұлттық құндылықтарды заманауи контент арқылы дәріптеп жүр
11.09.2026, 10:02
Жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді
11.09.2026, 10:00
Нью-Делиде БРИКС саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
11.09.2026, 09:59
Ресейде санкция салдарынан ірі кәсіпорындар жабылып жатыр
11.09.2026, 09:56
Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
11.09.2026, 09:56
eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
11.09.2026, 09:54