Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтті
Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додаға мыңнан астам велошабандоз қатысты. Оның 110-ы-шетелдік спортшы.
Жарысқа Испания, Финляндия, Чехия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Германия және Украинадан, сондай-ақ Қазақстанның 10 өңірінен келген спортшылар қатысты. Олар 95, 50 және 37 шақырымдық үш қашықтықта бақ сынады. Айтпақшы, жарыстың ең көңілді бөлігі балалар арасында өтті. 2 мен 7 жас аралығындағы 51 бала велосипедпен жарысқа қатысты. Кішкентай қатысушылардың бұл сайыста ешқайсысы жеңілген жоқ. Барлығына бірдей медаль, диплом және сыйлық табысталды. Ал негізгі жарыстың жеңімпаздары жеті жас санаты бойынша анықталды. Үздіктерге ақшалай жүлде мен естелік сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы