Жамбыл облысына қайтарылған активтерден ₸20 млрд бөлінді
Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаржысын халық игілігіне жұмсау мақсатында 28 әлеуметтік нысан салу жоспарланған. Бүгінде оның 18-і пайдалануға берілді. Бүгінде арнаулы мемлекеттік қор қаржысына медициналық мекемелер бой көтеріп, су станциялары салынып жатыр. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Бүгінде аймақ аудандары қайтарылған қаржының қайырын көріп отыр. Таласта
тынған тірлік көп, Қордайда қолға алынған жобалар жемісті. Мәселен қос ауданда
жуырда жаңа амбулатория салынса, Меркі аудандық ауруханасы күрделі жөнделді. Ал
Қордайдағы Қарасай батыр ауылына сапалы ауыз су тартуға 2,4 млрд теңге қаралды.
Әнуар Әбсейітов, Қордай ауданы әкімдігі ТҮКШ бөлімінің басшысы:
500 кубтан екі резервуар салынды. Резервуардың қазіргі таңда ішіндегі гидроизоляция жұмыстары жүргізіліп, қайта көму жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар нысанда қазір фильтрационный системасы толық 100 пайыз дайын. Жалпы құрылыс монтаждау жұмыстары 80 пайызға бітіп тұр.
Ал Үлкен Сұлутөр ауылындағы 66 жыл бұрын салынған амбулатория апатты болатын. Тозығы
жеткенді толық жаңартуға былтыр 62,8 млн теңге бөлінді. Енді тұралаған
амбулаторияның тұрпаты өзгеріп, 3 мыңға жуық тұрғыны бар үш ауылға қатар қызмет
көрсетеді.
Жандос Әбдібаев, Жамбыл облысының прокуроры:
85 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде шалғай аудандарда 5 мыңға жуық адам сапалы медициналық көмек алуда. Сонымен қатар облыста 15 ауыз су нысанының құрылысы аяқталып Тараз қаласы мен 7 ауданның 20 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтыдып отыр.
Биыл аймаққа арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд теңге бөлінді. Қаржы тек
медициналық нысандар салуға, ауыз су жүйесін жүргізуге жұмсалады. Нәтижесінде
келер жылы 2 дәрігерлік ғимарат пен 8 ауыз су жобасы ел игілігіне берілмек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16