Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр

Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр

Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданының бағбандары шөлейтті аумақты орманға айналдырып жатыр. Қазір мұнда екі бірдей тәлімбақ жұмыс істеп тұр.

Оның бірі Қарауылкелді, екіншісі Жарқамыс ауылында.  Мамандар қазірдің өзінде оннан астам ағаш түрін өсіруде. Дайын көшеттер аудандағы орман алқаптарына отырғызылады. Тәлімбақтардың жалпы ауданы 60 гектар. Мұнда тамшылатып суару әдісі қолданылады. Судан мәселе жоқ. Өйткені, Жем өзені жақын жерден ағып жатыр. Мамандардың айтуынша,  негізінен қылқанжапырақты ағаштарға басымдық беріледі.

Серік Жиенғалиев, орманшы:

Қарағайлар тұқымнан салынды. Қазір соны көлеңкелеу жұмыстарын жасадық. Қолдан жасап, көлеңкелеп. Күннен 50 пайыз, 70 пайыз көлеңкеде өсетін ағаш болғандықтан көлеңкелеп жатырмыз.

Тәлімбақтан шыққан көшеттер қазірдің өзінде аудандағы орман қорын ұлғайтуға септігін тигізе бастады. Алдағы күзде және келесі жылы тағы 850 гектар аумаққа отырғызылады. Сондай-ақ, елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған құм көшкінін тоқтатуға да қолданылады. Екі тәлімбақтың ашылуына осы өңірден шыққан азаматтар бастамашы болған.

Жақсылық Айжанұлы, Байғанин ауданының құрметті азаматы:

Жануарлар дүниесі, сирек кездесетін аңдар мен құстар бар. Сондықтан бұл мәселені облыстың басшылары ғана емес, ауданның басшылары ғана емес, жергілікті тұрғындар түсініп, қолдау керек. Әр үй өз жанына ағаш отырғызатын болса, керемет болар еді.


Бөлісу