Басты Жаңалықтар Халықтың өмір сапасы - басты назарда

Халықтың өмір сапасы - басты назарда

Құрылтай сайлауы - елдің алдағы 5-6 жылдағы дамуына, халықтың әл-ауқатына әсер ететін маңызды саяси науқан. Сондықтан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселелері партиялардың сайлауалды бағдарламаларында нақты көрініс табуы қажет. «Sarap» сарапшылар клубының мүшелері, ғалымдар, зерттеушілер, сондай-ақ экономика мен адами капитал саласының мамандары азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік мәселелерді талқылады. Сондай-ақ жиында партиялардың үш теледебат барысында көтерген әлеуметтік мәселелерінің мазмұны сараланды. Сайлау күні жүргізілетін экзитполдардың сапасы мен оның қоғамдық пікірді бағалаудағы маңызы да сөз болды.

Назгүл Мағжан, қазақстандық Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Бұл жерде біз әлеуметтік саясатқа саяси бағдарламалардың қалай ықпал ететінін және әр қазақстандықтың өміріне қандай ықпал ететінін, соны біз жиынтығын халыққа жеткізу мақсатымен жасап отырмыз. 01:32 Қай сала тыс қалып қойды, қай салаға басымдық берілді. Бұларды халыққа қарапайым тілмен жеткізу мақсатында жасап отырмыз.

Гүлмира Қанай, Nazarbayev University вице-президенті:

Дөңгелек үстел аясында елімізде орын алайын деп жатқан тарихи үлкен бір өзгерістерді талқылап, жан-жақты саралаймыз. 23 тамызда жаңа ұйым, жаңа институт пайда болады. Сол себепті саяси күн тәртібін жаңаша анықтауымыз керек сияқты.


Бөлісу