Алматы қаласы мен облысының бірқатар аумағында электр энергиясы өшті
Алматы қаласы мен облыстың бірқатар ауданында электр энергиясы өшті. «Алатау Жарық Компаниясының» мәліметінше, бұған «KEGOC» компаниясына тиесілі 500 киловольттық әуе электр желілеріндегі апаттық ажырату себеп болған. Қазір мамандар электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр. Қазір тікелей эфирге әріптесім Әйгерім Ердәулет байланысқа шығып тұр. Қаладағы ахуалды өзінен білсек.
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Қала мен облыс аумағында мүлде жарық жоқ. Бағдаршамдар істен шығып, кептеліс орын алды. Аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың жұмысы мүлде тоқтап тұр. Адамдар дүкендерде есеп айырса алмай жатыр. Қысқасы, қайнап түрған қыз-қыз тірлік тұралап тұр. Бұған түскі екі жарым шамасында «KEGOC» компаниясының электр желілерінде апат себеп болған. Қазір Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарының бір бөлігі де жарықсыз қалды. Ал Алматы қаласында Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында электр энергиясы өшкен. Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясының» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жарықтың нақты қашан қосылатыны әзірге белгісіз.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09