23 мың тонна марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірумен айналысқандар ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Күдіктілер сырт көзге карьерде рекультивация жұмыстарын жүргізіп жатқандай кейіп танытқан. Алайда іс жүзінде мұнда ауыр техникалар мен арнайы жабдықтары бар толыққанды тау-кен байыту кешені жұмыс істеп тұрған. Өндірілген кен, тауарлық концентратқа айналдырылған. Кейін теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортталыпты. Заңсыз өндірісті жүргізу үшін күдіктілер тіпті теміржол тұйығын жалға алған. Тергеу мәліметінше, осы уақытқа дейін 23 мың тоннадан астам өнім өткізілген. Оның жалпы құны бір миллиард теңгеден асады.
Ернар Тайжан, ҚР
ҚМА ресми өкілі:
Күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06