Димаштың жаңа әні Бельгия радиоларында шырқалды
Димаш Құдайбергеннің түрік тіліндегі жаңа әні «Yazgi» Бельгия радиоларында шырқалып, тыңдарманның жүрегін жаулады.
Елдің Антверпен, Льеж, Монс, Франсиенн қалаларындағы бес бірдей радио Димаштың жаңа әнін әуе толқынында қайта-қайта әуелетті. AFM радиосының студиясында «Yazgi» әнінің тікелей эфирдегі тұсаукесері өтті. Бағдарламаға Димаштың Бельгиядағы жанкүйерлер тобының белсенділері қатысып, жаңа синглдың шығу тарихы, қазақ әншісінің шығармашылығы жайлы сұхбат берді. Фан-клуб мүшелері осы уақытқа дейін кумирлерінің алпыстан астам туындысын елдің бірнеше радиостанциясында шырқатып, көпшілікке таныстырған. Енді бәрі Димаштың Бельгияға келіп, концерт бергенін асыға күтеді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10