Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті
Алаяқтар жасанды интеллекті пайдаланып, алдаудың жаңа схемасына көшті. Олар жәбірленушінің туысы, жақыны ретінде байланысқа шығады. Дауысын, түр-келбетін ЖИ арқылы жасап, аудиохабарлама яки бейнеқоңырау шалады. Қиын жағдайға тап болдым, шұғыл ақша керек дегенге сендіреді. Мамандар қазіргі цифрлық технологиялар адамның дауысын және бейнесін нақты уақыт режимінде айнытпай көшіруге мүмкіндік береді дейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі бірнеше қауіпсіздік ережесін сақтауға кеңес береді. Отбасы мүшелері алдын ала бір құпия сөз бекітіп алғаны дұрыс. Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді ешкімге бермеу қажет. Қандай да бір күмән туындаса, бірден полицияға хабарласқан жөн.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16