Тараз заңсыз қойылған батут аударылып қалды
Таразда заңсыз орнатылған батут қатты желдің әсерінен аударылып қалды. Салдарынан ата-аналары ішінде қысылып қалған балаларды әрең дегенде алып шықты.
Батут орнатылғаннан кейін небәрі 2 сағатта төңкеріліп қалған. Ал оның ішінде 7 жастағы екі бала ойнап жүрген. Абырой болғанда оларға ешқандай зақым келмеген. Оқыс оқиға «Ұлы дала» шағын ауданында болды. Кәсіпкер ұзындығы 14, ені 7 метрлік үрленген ойын құралын қою үшін жеке автотұрақты жалға алған. Алайда әкімдіктен рұқсат алмағаны анықталды. Сондықтан оған 86 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ әкімдік жер иесін де жазалауды қарастырып жатыр. Өйткені ол автокөлікке арналған телімді мақсатына сәйкес пайдаланбаған. Бұған дейін қаладағы Әулиеата ауданында заңсыз қойылған 15 батут алынып тасталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы