Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы қайта жұмысын бастады
Бүгінде штабта 50-ден астам тәуелсіз байқаушы, журналист және қоғам белсендісі бар. Ұйымдастырушылар 23 тамызға дейін қатарымыз әлі де толығады деп отыр. Дауыс беру күні Қоғамдық коммуникациялар орталығында арнайы ақпараттық орталық жұмыс істейді. Олар өңірлермен тікелей байланыс орнатып, әр мәліметті мұқият тексереді. Яғни, жалған ақпаратқа жол берілмейді. Штабтың мұндай форматтағы жұмысы бірінші рет емес. Бұған дейін республикалық референдум кезінде орталық 11 сағат бойы жұмыс істеп, 15-тен астам өңірмен тікелей байланыс орнатқан. Нәтижесінде шынайы ақпарат 1 миллионнан астам аудиторияға жетіпті.
Рафаэль Гасанов, қоғамдық коммуникациялар орталығының басшысы:
Қоғамдық коммуникациялар орталығы қазірден жұмысын бастап кетті. Ал сайлау күні өңірлермен тікелей байланыс орнатамыз. Мұнда әр сағат сайын брифингтер өтеді. Біздің міндет - ақпаратты жинау, қоғамдық мониторинг жүргізу және оны жедел жеткізу. Ең басты қағида алдымен тексеру, содан кейін ғана жариялау.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09