Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
Елдің оңтүстігінде ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді.
Қазір Түркістан облысының күре жолдарында патрульдік полиция қызметкерлері мен
көлік инспекциясының мамандары арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырып,
жүргізушілермен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Оған шамадан тыс жүк
тиеу нәтижесінде асфальт жолдардың бүлініп, шұңқырлардың пайда болуы себеп. Жыл
басынан бері өңірде артық жүк тиеген 70
көлік тіркелген. Жүк көліктерінің жүргізушілері
көбінде белгіленген салмақ талаптарын сақтамайды. Ондай көліктерді
бақылау рейдпен ғана шектелмейді. Инспекторларға заманауи технологиялар да
көмектеседі. Қазір облыстағы жолдарда алты автоматтандырылған салмақ өлшеу
кешені жұмыс істейді. Олар салмақты қозғалыс барысында анықтап, талаптарды
бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Артық жүк тиегендер
айыппұл арқалайды.
Марден Тоғызбаев, облыстық Көліктік бақылау инспекциясы
бөлімінің басшысы:
Ауыр салмақты жүк автокөлік құралдарынан артық салмақ шыққан жағдайда белгіленген қағидамен айыппұл өндіріледі. Соған қарай айыппұл салынады. Сонымен қатар жыл басынан бері бізде осы ауыр салмақты көліктеріне 72 әкімшілік хаттама рәсімделді, сонымен қатар осы акция негізінде 12 автокөлік құралдарына айыппұл салынды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54