Басты Жаңалықтар Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде

Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде

Қазақстанда мемлекеттік органдарға қатысты деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді. Ведомство мамандарының айтуынша, бұл eGov жүйесінің бұзылғанын немесе ақпараттың сол портал арқылы тарағанын білдірмейді. Өйткені eGov жүйесінде паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды.

Айта кетейік, даркнет – интернеттің арнайы бағдарламалар арқылы ғана қолжетімді жабық бөлігі. Онда заңсыз айналымдағы ақпарат пен деректер жиі жарияланады. Соңғы уақытта Қазақстандағы бірқатар ұйымдардың деректері даркнетте пайда болуы мүмкін деген хабарламалар тараған. Осыған байланысты уәкілетті органдар киберқауіпсіздік тұрғысынан тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар азаматтарға SMS-кодты, пароль мен ЭЦҚ деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу керегін ескертеді. Сондай-ақ бірнеше сервис үшін әртүрлі пароль пайдалану керек.


Бөлісу