Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет еткен бір топ азаматқа құрмет көрсетіп, мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Атап айтқанда, көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға
«Отан» ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі «Барыс»
ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі «Барыс» ордені
табысталды. Ауыл
шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға «Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері» құрметті атағы, белгілі актер,
көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы
берілді.
Нұрқанат Жақыпбай, актер, көрнекті
театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі:
Жастар театры деген театрым бар. Шәкірттерім бар, солардың еңбегінің жемісі деп тұрмын. Олар болмаса, бұл марапатқа үміт етпес едім. Жастар қолыңнан сүйеді, сіз біз үшін аман болыңыз деген. Міне, осы үшін өмір сүруге болады.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04