1-сыныпқа 380 мыңнан аса бала барады
Жаңа оқу жылында елімізде 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Қазіргі уақытта олардың 320 мыңға жуығы, яғни 84%-ы мектепке қабылданды.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Оның ішінде 296 мыңға жуығы мемлекеттік, ал 23 мыңы жекеменшік мектептерге барады. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мың бала мектепке қабылданды. Өтініштердің 84%-ға жуығы электронды түрде берілген. Балалардың 71%-дан астамы қазақ тіліндегі, 26%-дан астамы орыс тіліндегі, ал 2,5%-ға жуығы басқа тілдердегі сыныптарды таңдаған. Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, ата-аналар құжаттарды eGov.kz, eGov Mobile арқылы немесе мектепке
тікелей тапсыра алады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16