Конституция отбасы институтын нығайтады
«Халықтық Конституцияға неке туралы норманың енгізілуі отбасы институтын нығайтуға серпін береді», -дейді Аналар кеңесінің өкілі.
Батыс Қазақстан облысында 154 аналар кеңесі бар. «Қоғамдық келісім» жанындағы ұйымда 1200-ден астам әйел адам
отбасы құндылығын насихаттап жүр. Олар ауыл аймақты аралап, ел-жұртпен
кездеседі. Тұрғындарға, әсіресе, аналарға медиаторлық, құқықтық,
консультативтік көмек береді. Негізгі заңда неке және отбасы, ана, әке мен бала
мемлекет қорғауында болатынын қуана қолдайды. Сондай-ақ Конституцияда неке –
ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы деп
айқын көрсетілген. Ата-ана мен баланың міндеті де нақты бекітілген.
Жамал Ихсанова, облыстық «Қоғамдық
келісім» мекемесінің Аналар кеңесі төрағасының орынбасары:
Конституцияда, 30-бапта көзделген: ер, әйел, бала – мемлекет қорғауында. Кәмелетке толмаған баланы ата-ана тәрбиелеуге, өсіріп-өндіруге міндетті. Егер ата-анасы егде жасқа келіп, өзін қарай алмаса, онда балалары қарауы керек. Мемлекет соны қолға алғаны мені қуантады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17