Басты Жаңалықтар Тегін білім алатын мүмкіндік берілді

Тегін білім алатын мүмкіндік берілді

«Қазақстан халқына» қоры жаңа оқу жылына 350 білім грантын бөлді. Оған ауыл және моноқалаларда тұратын 25 жасқа дейінгі жастар өтініш бере алады. Грант иегерлері оқу ақысынан босатылып қана қоймай, ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы алады. Мүмкіндік ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, мүгедектігі бар және кембағал бала тәрбиелеп отырған отбасылардың ұл-қыздарына, сондай-ақ ата-анасының мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Сонымен қатар компаниялар мен әкімдіктер, Жоғары оқу орындары бөлген бөлек білім гранттары тағы бар. Мәселен, биыл жергілікті атқарушы органдар 2400-ге жуық грант бөлген. Оның ең көбі Астана, Шымкент және Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Ал Жоғары оқу орындары 2 мыңнан астам білім грантын берді. Қай университет, қанша грант бөлгенін ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан көруге болады. Мәселен,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ең көп грант бөлген. Білім шаңырағында 500 грант бар. Осылайша жаңа оқу жылында талапкерлерге мемлекеттік гранттан бөлек, білім алуға мүмкіндік беретін бірнеше грант түрі ұсынылып отыр.


Бөлісу