Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
Алматы облысында ел тарихындағы тұңғыш халықаралық дзюдодан оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Әлемнің 30 елінен 700-ден астам спортшы жиналған жиында Олимпиада және әлем чемпиондары, сондай-ақ халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар.
Бұл жерде тәжірибелі балуандар жас спортшылармен бірге жаттығып, өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жаттығулар таңертең және кешке өтеді. Ал әр команда жеке бағдарламасы бойынша күш дайындығы мен тактикалық жұмыстарын жүргізеді. Мұнда ұлттық құрамадан бөлек, жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындалып жатқан саңлақтар да қатысып жатыр. Сонымен қатар елдің 20 өңірінен іріктелген үздік дзюдошылар бас қосқан, дейді ұйымдастырушылар.
Ғұсман Қырғызбаев, Олимпиада чемпионы:
Елімізде дзюдо тарихында осындай сборлар ең алғаш өтіп жатыр. Әлемнің мен деген спортшылары осындай жаңағы Жапония, Грузия, Россия деген сияқты. Қаймақтары осы жерде жүр жалпы. Осындай сборды ұйымдастырып берген Қазақстанның спорт және туризм министрлігіне алғыс білдіреміз. Бұл біз үшін абырой ғой, шындығын айтқанда.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00