Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды

Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, Құрылтай сайлауына дайындық барысын пысықтады. Түркістан мен Кентау қалаларындағы сайлау учаскелерінің  материалдық-техникалық базасымен танысты.  Сондай-ақ учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, бюллетеньдерді қабылдауға дайындық туарлы сұрады. Сайлау күні келушілерге, әсіресе қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін қатаң тапсырды. Нұрлан Әбдіров облыс орталығында мемлекеттік органдар мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен де кеңес өткізді.  Төраға сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге баса мән беру керектігін атап өтті.

Нұрлан Әбдіров, орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау жүйесі мүлдем өзгерді. Қазір Құрылтай тек партиялық тізімдермен құрылатын болып жатыр. Бұл сайлаудың негізгі ұйымдастырушылық сұрақтарының бәрі шешілді. Кешелі-бері Түркістан облысында учаскелердің дайындығын қарадым. Толыққанды, қажетті құрылмдармен бәрі қамтылған.


Бөлісу